Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев өткен тоқсанда жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселелерді шешу бойыша арнайы іс-шара жоспары бекітілген болатын. Аудан орталығында өткен кездесу барысында тұрғындар Абай ауылында, ауданның этномәдени бірлестіктеріне арналған орталық ғимарат салу үшін жер қарастыру мәселесін көтерген болатын. Осы мақсатта Абай ауылы әкімдігінің теңгерімінде орналасқан ескі мақта қабылдау пунктінің ішінде бос жатқан көлемі 0,36 га жер телімін мұражай құрылысын жүргізу үшін қажетті құжаттар рәсімделуде. Бұдан бөлек жаңа буынды дамыту орталығы бойынша бүгінгі таңда жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджет есебінен қажетті қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде. Құрылысқа тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болып табылады. Бұл туралы аудан орталығында тұратын тұрғындармен кездесуде аудан әкімі Жәнібек Есенұлы атап өтті.
- Өткен жолғы кездесуде өздеріңіз тарапынан маңызды мәселелер көтерілген болатын. Соларды шешу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтсам, Ынтымақ, Маусым, Қожамберді батыр, Отан, Мәдениет көшелерін сапалы электр қуатымен қамту бағытында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз мердігер анықталды. Осы жылы құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Абай ауылындағы №105 жатақхана ғимаратына табиғи газ тарту мәселесі бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мекемесімен жаңадан жоба жасалуда, алдағы уақытта өз шешімін табатын болады. №5 жалпы орта білім беретін мекемеге баратын «Шығыс» және «Еңбекші» ықшам аудандарының оқушылары үшін аяқжол салу үшін ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімі ауыл тұрғынына тиесілі болғандықтан, бүгінде азаматтың келісімдер алынды. Сонымен қатар Абай ауылының бас жоспарына өзгеріс енгізуге ұсыныс берілді. Бас жоспарға өзгерістер енгізіліп бекітілген кейін құжаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыруға қосымша уақыт талап етуде, - деді аудан әкімі.
Кездесу барысында аудан әкімі Абай ауылының инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Ауыл аумағында жолдардың 93% асфальтталған. Бүгінде 10 көшеге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, сметалық құжаттар әзірленген. Оның ішінеде 8 көше (Маусым, Бәйтерек, Д.Қонаев, Т.Рысқұлов көшесінің №4 өткелі, Ж.Шаяхметов, Шығыс С.Баубеков, №10 көшелер) орта жол жөндеуге (асфалть төсеуге) мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Алдағы уақытта қаржы қаралуына орай, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.