Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы Ордабасы аудандық бөлімінде қоғамдық қабылдау өтті.
Қоғамдық қабылдауда Ордабасы ауданы әкімдігіне қарасты бөлімдердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандары қатысып, тұрғындарға тұрғын үй, сәулет және қала құрылысы, жер, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялық кеңестер берді.
Қабылдауда тұрғындар өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Мұндай ел игілігі жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.