Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов Қарамұрт ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуін ауылдық мәдениет үйінде өткізуде.
Жиында ауылдық округінің әкімі Мамуржан Нажиев қарамұрттықтармен 2023 жылдың ІІ тоқсанында өткен кездесуде көтерілген 6 мәселенің орындалу барысын таныстырды. Олардың ішінде бірі орындалған, қалғандары тұрақты бақылауда. Атап айтқанда, "Кент-Балдыберек" каналы асар жолымен тазаланды. Одан бөлек, өрт сөндіру бөлімшесін ашу, 3 көшеге жасанды жол кедергілері мен жол белгілерін орнату, 1 көшенің жолын және учаскелік дәрігерлік пунктінің ғимаратын жөндеуден өткізу, электр бағаналарын ауыстыру мәселелерінің шешу жолдары алдағы уақытта қарастырылатын болады.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Шамхат Халмурадов, халық қалаулылары, аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы І.Айтжан, жергілікті мекеме-ұйым басшылары және тұрғындар қатысып отыр.
Сұрақ-жауап кезегіне өтіп, белсенділер көкейлеріндегі мәселелерін жеткізіп, жауаптарын алуда, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.