СОЗАҚ: КЕЗЕКТІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ЖУАНТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

СОЗАҚ: КЕЗЕКТІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ЖУАНТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков кезекті есеп беру жиынын Жуантөбе ауылдық округінде жалғастырды. Жиынға аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары мен бірқатар сала мамандары қатысты.
Жиын барысында аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді баяндады. Өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын айтты.
- Сіздердің алдарыңызға келіп, жиналуымыздың басты себебі атқарылар жұмыстарды талқылап, шешу жолын қарастыру. Мұнда жиі келіп, атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап тұрамын. Бұл жердегі мәселелер маған етене таныс. Өткен жолғы кздесуде көтерілген мәселелер жөнінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Сұраныстарыңызға орай, мал өлексесін тастайтын «Беккери» шұңқырының құрылыс жұмыстары жүруде. Жуантөбе ауылдық клубының жылыту қазандығына ағымдағы жөндеу мен Қазыбек би көшесіне көше жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі,-деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Жиын соңында тұрғындар ұсыныс-пікірлерін жолдап, бірқатарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онда жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау саласы бойынша сауалдарын қойып, өтініштерін жеткізді. Аудан басшысы айтылған мәселелерді толықтай назарға алынғанын айтып, жауапты мамандарға шешу жолдарын ұсынып, нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Анықтама: Пилоттық жобалар:1. Қалалық онкологиялық орталықта және №6 қалалық емханада сүт безі обыры мен өкпе обырын ерте сатысында анықтау бойынша...