САЙРАМ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ САЙРАМ АУДАНЫНА ІС-САПАРЫМЕН КЕЛДІ

САЙРАМ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ САЙРАМ АУДАНЫНА ІС-САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Уласбек Садибеков ауданда арнайы іс-сапарымен болды.
Алдымен халық қалаулысы «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдауын өткізді. Қабылдауға аудан әкімі Арман Сәбитов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шамхат Халмурадов, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, тиісті дербес бөлім басшылары және ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Ақсукент, Қарабұлақ, Қарасу, Манкент ауылдық округтерінен келген тұрғындар өз өтініштерінде жерді заңдастыру, электр жарығы және ауыз су жүйелерімен тұрақты қамту, каналды күрделі жөндеуден өткізу, жаңа мектеп интернатын салу, сонымен қатар кадрға қатысты мәселелерін заң аясында қарап, шешілу жолдарын қарастыруды сұранды.
Аталған мәселелер тыңдалған соң, депутат және аудан басшысы Арман Сәбитұлы бақылауларына алып, нәтижесі хабарланатынын түсіндірді.
Сапар барысында Қарасу ауылдық округінің Жаңақұрылыс аумағына инфрақұрылым жүйелерін жүргізу, сонымен қатар Қарасу және Ынтымақ ауылдарына жоспарланып отырған спорт кешендерінің құрылыс жобаларымен танысты.
Мұнан кейін аралау жалғасып, Көлкент ауылдық округіне қарасты Ақсуабад ауылындағы М.Қашқари атындағы мектебінің алаңшасында ауыл тұрғындарымен кездесті. Жүздесуде М.Оразалиев және Қосбұлақ ауылдарын инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету және Ханқорған ауылына спорт кешенінің құрылыстарының жобалары және өзге де мәселелер талқыланды.
Депутат ауылды дамыту, салаларды жетілдіру, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың әрі қарай жалғасын табатынын айтты. Барлық ұсыныс-пікірлер назарға алынып, алдағы уақытта зерделенетінін жеткізді.
Жиын соңында ауыл ақсақалы ақ батасын берді, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...