САУРАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

САУРАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметовті қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қабылдауда Сейілхан Ахметов аудандық ардагерлер кеңесі жұмыс жоспарына сәйкес, Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай, «Өнегелі өмір» шарасы аудан әкімдігінің қолдауымен ауданда тұрмыс кешіп жатқан Ұлы Отан соғысы ардагері мен 247 тыл ардагерлерінің әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар, жұмысшы топ құрамында аудандық кеңес төрағасы С.Ахметов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары М.Қазиханов, аудандық әлеуметтік қамқорлық сауықтыру орталық директоры А.Бегалиева және ауыл әкімдіктерінің әлеуметтік сала мамандары Майдантал, Ынталы, Қаражон, Ескі Сауран, Жібек жолы, Бабайқорған, Абай, Серт, Үлгілі, Шорнақ, Аша, Қосмезгіл ауылдарындағы тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, олардың жағдайымен танысып, ұсыныс пікірлерін тыңдағанын жеткізді.
Ардагерлерге қажетті медициналық қызметтің көрсетілуі, мемлекеттік әлеуметтік көмектердің берілуі тұрақты назарға алынып, ардагерлердің қоғамдық саяси өмірге араласуы және жастар тәрбиесі бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Сауран ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...