Қазір қаладағы 81 шағын ауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес Мирас және Шапағат-2 шағын ауданында кәріз жүйесін қамту мақсатында жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізілуде.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысан басында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Осыған дейін жұмыстардың 80% аяқталған. Құрылыс процесіне 30 жұмысшы, 7 арнайы техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, аталған елдімекендерге канализациялық желілерді тарту бағытында 2020 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамалық қорытынды алынған болатын. Кәріз жұмыстарының құрылысына арнайы қаражат 2021-2023 жылдар аралығында бөлінгендіктен, қазір мұнда мердігер мекема тарапынан жұмыстар қарқынды жүруде.
Сонымен қатар биыл Тассай, Тұранның ішкі жүйесі, Қайтпас-2, 112-орам, Бозарық шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % -дан 65 % -ға артады.
Биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % - дан 65 % - ға артатын болады.
Қазір ауданның кәріз желілерімен қамту көрсеткіші 57,9 жетіп отыр. Жоспар бойынша 2025 жылы елдімекендердің 65 пайызын орталықтандырылған канализациялық жүйеге қосу жоспарлануда.
Қазіргі таңда Шымкенттегі 81 шағын ауданның 24-і, 713,5 мың абонент кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Қазір қалада 2 магистральды кәріз коллекторының және 9 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл жыл қорытындысымен қала аумағында 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 60 мыңға жуық адам орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Бұл қамту көрсеткішін 60 пайыздан 75 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.