СОЗАҚ: АУДАН БАСШЫСЫ ШУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

СОЗАҚ: АУДАН БАСШЫСЫ ШУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталып, биылғы жылы атқарылар жұмыстарды баяндады.
-Шу өңірі алыс болса да, біздің назарымыздан тыс қалмайды. Мұнда белгіленген жоспардан тыс уақытта да келіп тұрамын. Бұған дейін сіздер ұсынған мәселелер аяқсыз қалмай, ретімен шешілуде. Биылғы жылы сұраныстарыңызға орай мал өлекселерін тастайтын «Беккери» шұңқырын салып, Абай және Мұқанов көшелеріне көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Осында келіп, сіздермен кездесудегі басты мақсатымыз мұң-мұқтаждарыңызды тыңдап, соның төңірегінде тиісті жұмыстарды атқару,-деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Ашық аспан астында өткен жиында тұрғындар бірқатар ұсыныс-пікірлерлерін жолдады. Сондай-ақ жеке мәселелері бойынша да жүгініп, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласы бойынша өтініштерін жеткізді. Аудан басшысы көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, шешу үшін жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданында экологиялық жағдайды жақсарту,...

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы берген халықаралық автокөлік өткізу пункттерін реконструкциялау жөніндегі тапсырмалардың орындалу...