Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен бірге аудан орталығы Абиров көшесінің бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйге барып тұрғындарымен кездесіп, аудан әкімдігінің теңгерімінде тұрған үйдін бүгінгі жағдайын бақылады.
Тұрғындармен сұхбаттасып, олардың өтініштеріне құлақ асты.
Кездесуде көтерілген пәтерлердің ескірген жылу қазандықтарын ретке келтіру, қоқыс тастайтын орынды жылжыту, үйге кіре-берісіндегі есікті ауыстыру және үй сыртын ретке келтіру сынды мәселелерді көп ұзатпай шешуді жауапты бөлім басшысына тапсырды. Тиісті мамандарға өтініш түскен пәтерлерді жеке-жеке аралап, кәріз жүйесіндегі ақауларды реттеу керектігін ескертті.
Содан соң, Нұржан Жақсылықұлы бірінші(ДСУ) мөлтек ауданың аралап, ондағы тұрғындармен кездесті. Кездесуде тұрғындар күл-қоқыс шығару қызметі, кәріз, су жүйесі мен балалар ойын адаңшасына қатысты өтініштерімен аудан басшысына жүгінді. Аудан әкімі сол жерде әр қызметке жауапты мекеме басшысына тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында нақты тапсырмалар жүктеп, мерзім белгіледі.
Кездесуді пайдаланып аудан басшысы тұрғындарға үй ауласындағы тазалыққа қатысты сын айтып, осы қоқысты сырттан әкеліп біреу тастамайды, дені осы жердің тұрғындарының тастаған қоқысы екенің тілге тиек етіп, тұрғындарды тазалық мәдениетін сақтауға шақырды.
Тұрғындар өз тарапынан аудан әкімін қолдап, алдағы сенбі күні тазалық жұмыстарына шығатындықтарын жеткізді, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
ТҮЛКІБАС: ТАЗАЛЫҚ-ОНЫ САҚТАҒАН ЖЕРДЕ БОЛАДЫ!
