ТҮЛКІБАС: СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ТҮЛКІБАС: СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентіндегі әк зауыты кеңес одағынан бері өз жұмысын жалғастырып келеді. Бүгінде тәулігіне 70 тонна әк өндіретін өндіріс ошағында, екі ауысыммен 90 адам жұмыс атқарып отыр. Аталған өндіріс ошағы биылғы жылы жалпы құны 500,0 млн теңгеге әк өндіру, суландыру және ұнтаққа айналдыру жүйелерін іске қосу, қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізіп, қосымша 100 жұмыс орнын ашуды көздейді.
Осы орайда, әк зауытына ҚР Парламент сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Мұрат Болатұлы және Алишер Сатвалдиев аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесенмен бірге барып, өндіріс ошағының бүгінгі жағдайымен танысты. Өндіріс ошағын модернизациялау үшін қаражаттың жетіспейтіндігін айтқан әк зауытының өкілдері депутаттардан осы жағдайға байланысты қолдау көрсетіп, тиісті шараларды қабылдауды өтінді. Әли Бектаев бастаған депутаттар бұл мәселе бойынша жұмыстар атқарылып, тиісті мекемелер мен министрліктерге ұсыныс-хаттар жолданатынын жеткізді.
Сонымен қатар, депутаттар Түлкібас әк зауыты аумағында Түлкібас кенті халқымен еркін форматта жиыналыс өткізіп, көптің көкейінде жүрген қордалаған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беріп, заң аясында жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді. Жиын соңында ауыл ақсақалдары бата беріп, ел игілігі үшін жұмыс атқарып жүрген халық қалаулыларына толағай табыстар тіледі, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Анықтама: Пилоттық жобалар:1. Қалалық онкологиялық орталықта және №6 қалалық емханада сүт безі обыры мен өкпе обырын ерте сатысында анықтау бойынша...