ШАРДАРА: ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ШАРДАРАДА

ШАРДАРА: ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ШАРДАРАДА

Жазғы демалысқа шыққан депутаттар қазіргі таңда жер-жерде өз сайлаушыларымен кездесулер өткізуде. Осы мақсатта кеше жерлесіміз, ақын, қоғам қайраткері, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Шардара өңіріне іссапармен келді.
Аудандық мәдениет сарайында өткен халықпен кездесуді аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев жүргізіп отырды. Кездесудің мақсатын түсіндіріп кеткен Бауыржан Қуанышбайұлының сөзінен соң Қазыбек Жарылқасынұлы сөз алып, Парламент қабырғасында жарты жылда атқарған жұмыстар мен қабылданған заңдар туралы егжей-тегжейлі баяндап өтті.
Депутаттың дәйекті сөздеріне ризашылық білдірген шардаралықтар кездесу барысында өздерін толғандырып жүрген бірқатар мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, таза ауыз сумен қамту, орталық кітапханаға жаңа ғимарат салу, туризмді дамыту, темір жол желісін тарту, ардагерлер туралы заңнаманы жетілдіру, мақта шаруашылығына жеңілдіктер жасап, өндіріс орындарын ашу және басқа да мәселелер көтерілді.
Өз кезегінде Қазыбек Жарылқасынұлы қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап беріп, заңнамалық өңдеуді қажет ететін мәселелерді алдағы жұмыс үшін жазып алды.
Сондай-ақ, Республикалық деңгейде көтерілетін мәселелерге баса назар аударып, оңтайлы шешілуіне ықпал жасайтындығын жеткізді, деп хабарлайды Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...