ШЫМКЕНТ - СИАНЬ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ АШЫЛМАҚ

ШЫМКЕНТ - СИАНЬ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ АШЫЛМАҚ

Шымкенттік делегация Қытай Халық Республикасында арнайы жұмыс сапарымен Сиань қаласында кездесулер өткізуде.
Бүгін арнайы топ ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған «өзара серіктестік орнату» туралы меморандумға сәйкес, Партком партия комитетінің төрағасы Фан Хонвэмен және партия өкілдерімен кездесті.
Кездесуде екі қала арасындағы жоспарлар мен мүмкіншіліктер жайы талқыланып, алдағы уақытта Шымкент - Сиань әуе рейсін ашу мәселесі қаралды.
Жазғы кезеңге Шымкенттен Қостанайға, Ақтөбеге, Семейге және Атырауға, сондай-ақ, грузиялық Кутаисиге дейінгі жазғы маусымдық маршруттар қалпына келтіріледі. Сонымен қатар Алматыға, Астанаға, Ақтауға және Шымкент-Дели-Шымкент жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстер қазақстандықтарға қолжетімді бағамен мобильді болып қалуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта билеттерді ерте брондау арқылы, екі халықаралық бағытқа – Кутаиси мен Делиге, біржақты билет құны 55 және 70 АҚШ долларынан бастап алуға болады. Тікелей халықаралық рейстерден басқа, Астана арқылы да басқа шетелдік қалаларға жетуге болады. Мәселен, Бакуға аптасына 2 рет, Анкараға аптасына 2 рет.
Сонымен қатар шымкенттіктер Ақтау арқылы Баку, Ереван және Ыстамбұлға сапарларын жоспарлай алады. Бұл рейстер Ақтау арқылы аптасына 1-2 рет орындалады.
Қалада жеке инвесторлар жаңа жолаушылар терминалының құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 120-150 адам тартылуда.
Бүгінгі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелерін монтаждалып, желдеткіш жүйелері орнатылуда.
Бүгінгі таңда аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін сағатына 2 мың адамға артады.
Жаңа терминалдың жалпы ауданы 35 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, жобада озық талаптарға сәйкес 4 галерея қарастырылған. Өндірістік кестеге сәйкес жаңа терминал биыл қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...