ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың үшінші тоқсандағы халықпен жүздесу жиындары басталды. Алтынтөбе ауыл округі Алтынтөбе елді мекенінен басталған кездесу, Жаңабазар ауыл округі Жаңаталап елді мекенінде жалғасын тапты. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу және жол кедергісін орнату, жайылым жер, қоқыс полигондары, балалар алаңшасы, медициналық пунк салу мәселелер төңірегінде сұрақтар мен өтініштер айтылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Азизхан Азимханұлы толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтып өтті.
Аталған ауыл округі тұрғындары көкейлеріндегі барша сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алып, ауыл ақсақалдары аудан әкімі мен барша қызметкерлерге ел атынан алғыстарын білдірді, деп хабарлайды Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.