Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округі,Жібек жолы елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан түрлі мәселелер қозғалды.
Дәлірек айтсақ, газ кіргізу,электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.Аудан басшысы Арман Абдуллаев тұрғындар тарапынан айтылған арыз-шағымдар мен өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерге қатысты заң аясында жауап берді
Сондай-ақ, жауапты дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкіміне әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУІ
