Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округ тұрғындарымен кездесуде тұрғындар тарапынан Жемісті елді мекені, Б.Момышұлы көшесінде орналасқан ауыз су ұңғымасының айналасын қоршау және тозығы жеткен ауыз су құбырын ауыстыру мәселесі көтерілген болатын.
Қазіргі таңда, аталған мәселе өз шешімін тауып, бюджеттен қаржы бөлініп, Жемісті елді мекені, Б.Момышұлы көшесінде орналасқан ауыз су ұңғымасының айналасын қоршау және тозығы жеткен 400 метр ауыз су құбырын ауыстыру құрылыс жұмыстары мердігер мекеме тарпынан жүргізілуде, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.