ШЫМКЕНТ: ҚЫЗЫЛСАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ЖОЛ САЛЫНУДА

ШЫМКЕНТ: ҚЫЗЫЛСАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ЖОЛ САЛЫНУДА

Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Қызылсай тұрғын алабының тұрғындары кездесулерде көптен бері жол мәселесін көтеріп келген.
Нәтижесінде қала әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына еніп, маусым айының басынан бері аталған тұрғын алапта қала орталығына қатынайтын тура жолдың құрылысы жүргізілуде.
Бүгінде салынып жатқан теміржол асты өткелінің құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған.
“Қала орталығына бару үшін бұрын айналып өтетін жолмен жүретінбіз. Ауа-райы қолайсыз мезгілдерде жедел жәрдемнің қатынауы өте қиын еді. Тұрғын алабымыздың осы жол мәселесі енді қолға алынды. Өткен жолы бір топ техника келіп, жолды жөндеу жұмыстарына кірісті. Міне, шаруа қарқынды жүріп жатыр. Біз үшін бұл өте қуанышты жаңалық,”– дейді тұрғындар.
Теміржол асты өткелінің құрылысы аяқталған соң тұрғындар сапалы жолмен толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қалаға тиімді қатынауына және қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік алады.
Биыл Д.Қонаев даңғылы жалғасының 2-ші және 5-ші кезеңдері, А-2 айналма жолының 2-ші және 4-ші кезеңдері, Өтегенов көшесінің жалғасы, Адырбеков көшесін қайта құру және Бәйдібек би-Арғынбеков көшелері қиылысындағы жолайрық құрылысы аяқталады.
Жалпы, бүгінде мегаполис аумағына кіретін жолдардың ұзындығы 3 247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде 2 066,1 шақырымы асфальттелген, қалғаны шағал тас төселген жолдар.
Қаланың кешенді даму жоспарына сәйкес, 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелерінде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары бастау алды. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылады.
Шаһардағы асфальт жолдың жалпы ұзындығы – 2189,5 шақырымды құрайды. Ағымдағы жылы қалада көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 400 шақырымға жуық жол таңбалары сызу жоспарланған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық ведомствомен бірлесіп Отбасының цифрлық картасында...