Шымкент қаласы аумағында қазір өртті алдын алу бағытындағы маусымдық шаралар қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Бүгін Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері егістік алқаптарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Төтеншеліктер Бозарық елді мекенінде орналасқан "Алма бақ" ұжымын және бидай алқаптарын аралады. Шаруалармен кездесіп, минералды жолақтардың салыну тәртібі мен өрт қауіпті кезеңіне дайындық шараларын пысықтады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары. Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.
Цистерна – сұйықты сақтауға арналған ыдыс. Сұйық және ұнтақ заттарды тасымалдауға немесе сақтауға арналған ыдыс. Цистерна темір жол арбасына орнатылып, ол арқылы сұйық заттар тасымалданады.
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады:жанғыш заттың отқа тікелей әсері; сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері; жану зонасында иісті газбен улану; жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану.
Алғашқы кезеңде учаскедегі орын алған жағдай туралы дабыл қағылды. Бөлімшенің кезекшісі аталған апат жөнінде жеке құрамға жеткізді. Апатты жою құтқарушылардың алға қойған міндеттері. Сондықтан техникалық қауіпсіздікті сақтай отыра тез арада құтқару жұмыстарына кірісіп кетті. Жол өтпесінде цистернаның жануын тоқтату жұмыстарын кәсіби дәрежеде жойды. Құтқарушылар барлау жұмыстарын жүргізіп, жанған цистернаны суытуға және сөндіруге су оқпандары берілді. Шұғыл түрде құтқарушылар зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті. Арнайы оқу-дабылы қорытындысы бойынша жақсы деп бағаланды.