БӘЙДІБЕК: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков азаматтармен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға алдын ала жазылған Ағыбет, Ақбастау, Бөген, Жымбыл және Шаян ауылдық округіндегі елді мекендерінен азаматтар келіп, аудан басшысына ұсыныс-пікірлері мен шағымдарын жеткізіп, бірқатар өтініштерін айтты.
Жеке қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, ауыз су, жарық, жол, жер мәселесі мен әлеуметтік көмек жөнінде өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме беріп, тұрғындардың жеткізген бірқатар мәселесін бақылауына алып, орындалуы жөнінде сала бойынша орынбасарлары мен жауапты бөлім, мекеме басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада осы күндері ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, танымал клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп...