Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін Нұрлы жер мемлекеттік бағдарламасы аясында «5-20-25» бағыты бойынша қосымша конкурс ағымдағы жылдың 20 маусымынан – 10 шілде аралығында жүргізіледі. Өтініштер тұрғын үй кезегінде тұрған барлық азаматтардан, сонымен қатар "Бақытты отбасы" бағыты бойынша мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар санаттары бойыныша да азаматтардан қабылданады:
Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Аталған пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан 12 қабатты №46,№47,№48 тұрғын үйлерде орналасқан. Жалпы 1-бөлмелі пәтер саны 18, оның ең үлкен аумағы 32,98 ш.м. құрайды.
Бұдан бөлек Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы баспанаға қол жеткізген болатын. Оның ішінде, 1079 пәтер "5-20-25" бағдарламасы бойынша, 250 пәтер "2-10-20 Бақытты отбасы" бойынша рәсімделген.
Айта кету керек, "5-10-20" бағдарламасымен баспаналы болғысы келетін азаматтардың тұрғын үй кезегінде тұруы міндетті. Несие мөлшерлемесі – 5 пайыз; бастапқы жарна – 10 пайыз, ол үміткердің Отбасы банкі шотында жиналған болуы тиіс; қарызды өтеу мерзімі – 20 жылға дейін есептеледі.
Бүгінде Шымкентте мемлекет бюджеті есебінен 67 көпқабатты тұрғын үй салынып, 17 үйдің абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы жылы тұрғын үй кезегіне санаттар бойынша тіркелген азаматтарға 324 пәтер, жастарға 888 пәтер, несиелік бағытта 2037 пәтер берілу көзделіп, оның ішінде қазіргі таңда 902 азамат 5-20-25, 2-10-20 «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша қамтылды.
Айта кететін, биыл Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы саны 2833 пәтер жоспарланған. Оның ішінде 1621 пәтер тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жеңілдетілген несиелік бағытта үлестіріледі. Бұл тұрғын үйлер «2-10-20 Бақытты отбасы» және «5-20-25» несиелік бағдарламалары бойынша Отбасы банк арқылы тапсырылады.
Айта кету керек, конкурсқа қатысушылар үшін бастапқы жарна 20% жинақ шотында болуы керек, ал «Бақытты отбасы» бағыты бойынша қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10%-ы жинақталуы тиіс. Конкурстан өткен қатысушыларға ипотекалық несие 5 пайыздық мөлшерлемемен рәсімделеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.