Қысқы жылу маусымында тұтынушыларға үздіксіз сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында жаз айларында дербес қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Сондықтан әр тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесіне жылу жүйесіне сығымдау, жылу алмастырғышты тазалау және реттеу жұмыстарын жүргізілетін болады.
Қазір "Қуатжылуорталық-3" МКК қаламыздың 16 нысанында жалпы ұзындығы 8,76 км құрайтын ішкі орамдық жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарын жүргізілуде.
Кесте бойынша жұмыстары толық аяқталған нысандар:
1. Толстой көшесі "Эмир" дәмханасы дейін;
2. Толстой көшесі Сасбұқаев көшесіне дейінгі;
3. Нұрсат шағынауданы №38,39,74 а үйлері;
4. Нұрсат шағынауданы №12,75 үйлері;
5. Күншығыс шағынауданы 4-5 кезек;
6. Пазылбеков көшесі 4,5,6,7 ТК-26;
7. Тауке-хан №29,31, Қонаев көшесі №7;
Жалпы:1927 метр.
Жұмыстар жүріп жатқан нысандар:
1. Асқаров ТК-3 Мангельдин көшесіне дейін -16,4% -орындалды;
2. ПНС-5тен Шаяхметов көшесі - 40% -орындалды;
3. ТК-16 Адырбеков -Алдияров к-сі ТК-19 дейін - 52% -орындалды;
Жалпы: 1787м/560м.
Дайындық жұмыстары жүріп жатқан нысандар:
1. ТК-3 Асқаров көшесі ТК-23;
2. ТК-42 Байтұрсынов көшесі ТК-39 Ғ.Іляев;
3. Түркістан көшесі ТК-24 және ТК-26 аралығы;
4. ТК-60Б Гагарин көшесі;
5. ТК-26 және ТК-27 аралығы Республика даңғылы;
6. 18 шағынаудан Ерімбетов - Рысқұлов көшесі.
Жалпы: 3508 метр.
Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына емдеу мекемелерінен - 15, білім нысандарынан – 121, мәдени ошақтардан - 3, спорт мекемелерінен - 6 қазандықты өткізу үшін техникалық құжаттарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Басқарма басшылары қазандықтарды беру барысында туындап отырған өзекті мәселелерді баяндап, ұсыныстарын жеткізді. М.Дүйсенбекұлы жылу желілерін тапсыруды ағымдағы жылдың 15- шілдесіне дейін аяқтауды тапсырды.
«Жылу маусымына дайындыққа жаппай жауапкершілікпен қараңыздар. Қазандықтарды аталған басқармаға беруді тездетіп ұйымдастырыңыздар. Бұл ретте орталықтандырылған жылыту жүйесінің қуаттылығын ескеру де маңызды» - деді қала әкімі.
Сондай-ақ мәдениет басқармасының басшысына техникалық құжаттарды рәсімдеуді жылдам ұйымдастыруды арнайы ескертті. Жалпы, қазандықтарға бір мекеменің жауапты болуы ең алдымен жылу жүйелерін бір көзден қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл шешім барлық қазандықтарды жылыту маусымына дайындауды жолға қойып, жылу сапасын арттырады.