ҚАЛА ӘКІМІНІҢ «ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» БІРЕГЕЙ ЖОБАСЫ БҰҚАРАЛЫҚ СИПАТ АЛДЫ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ «ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» БІРЕГЕЙ ЖОБАСЫ БҰҚАРАЛЫҚ СИПАТ АЛДЫ

Республика бойынша алғаш рет қалада бастау алған «Шымкент жастар лигасы» бірегей жобасының жылдан-жылға ауқымы кеңейіп отыр. Лигаға биыл 151 мектептен 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңға жуық оқушы қатысты.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесін арттыру аясында спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруда Шымкент қаласы бойынша көрсеткіштері алдыңғы қатарда. Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323 млн. теңге қаржы бағытталды. Аталған бағдарлама бойынша қазіргі таңда 113 кәсіпкер жұмыс істейді.
Бағдарлама аясында жалпы 217 секциядан тұратын 20 спорт түрімен 19 333 бала тұрақты шұғылдануда. Сонымен қатар, 338 жаттықтырушы және 200-ге жуық қызметкер жұмыспен қамтылған.
Сондай ақ басқарма қарамағындағы 29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында 5 спорт нысаны жұмыс жасайды. Осы спорт мекемелерінде 18 242 спортшымен 906 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізеді.
Қалада спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром» құрылысы, «Металлург» стадионын реконструкциялау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қалада статистикалық есеп бойынша 1075 спорттық нысан жұмыс жасауда (оның ішінде: дене шынықтыру және спорттық мәндегі-520, білім мекемелерінде-503, спорт мекемелерінде-52. Жалпы спорт нысандарының- 149 жеке меншікте).
Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың саны жалпы халықтың 50% -ын қамту көрсеткіші бекітілген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 458 852 адамды, яғни, қала тұрғындарының 42%-ын құрады.
Сондай-ақ, 2022 жылғы жоспар бойынша мегаполис халықының 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткішін 51%-ға жеткізу болатын, жыл қорытындысы бойынша аталған көрсеткіш 59,9 %-ға асыра орындалды.
Жыл соңына дейін әр ауысымда 250 баланы қабылдайтын 2 спорт ғимараты және жеке кәсіпкер есебінен «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілетін болады.
Биыл қалада жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы спорттық үйірмелерге 19 мыңнан астам бала қатысты, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық ведомствомен бірлесіп Отбасының цифрлық картасында...