ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 14 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 14 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Мемлекет басшысы өңірлерде 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құруды тапсырған болатын. Бұл бағытта қазір қалада тиісті кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Халықты жұмыспен қамту шараларына биыл 57 мың адам жоспарланып, оның 42 мыңын тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда. Бүгін Астана қаласындағы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.
«2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 2023 жылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру жүргізілуде.
Биылғы жылдың қаңтарынан мамыр айына дейінші нәтижеге сәйкес Шымкент қаласы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандар саны 8 319 адамға жетті.
Олардың ішінде:
- 156 жас skills.enbek.kz/kk платформада талап етілетін дағдылары арқылы онлайн-оқытылды;
- 129 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды;
- 768 адам жастар практикасына;
- 1289 адам қоғамдық жұмыс орыны;
- 652 адам алғашқы жұмыс орнына;
- 9 адам «Ұрпақтар келісім шарты» бойынша жұмысқа тартылды;
- 3 594 адам business.enbek.kz/kk «Бастау Бизнес» жобасы аясында (онлайн платформасы арқылы) оқып сертификатқа ие болды;
- 47 адамға комиссияның қорытындысына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік грант берілді;
- 1 675 жас бос жұмыс орындарына жолдамамен жолданды.
Шымкент қаласының жұмыс іздеуші жастары тұрғылықты мекен-жайлары бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
азақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамту — күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылы бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2023-2025 жылдар аралығында 3,3 милионнан астам азаматты, оның ішінде 2,3 млн жас маманды жұмысқа орналастыру көзделген.
Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы – 7 628, 2024 жылы – 8 000, 2025 жылы 8 200 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде былтыр 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Іс жүзінде 39 058 адам қатысып, жоспар 116,3 пайызға орындалған. Жастардың үлесі 43,5 пайызға жетіп, 16 980 адам қамтылды.
Жыл басынан мегаполисте 14 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Соңғы жылдары қалада жұмыспен қамту шаралары күшейтіліп отыр. Осының нәтижесінде әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайып, 10 794 отбасын құрады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық ведомствомен бірлесіп Отбасының цифрлық картасында...