«SHYMKENT NOMAD FILM FEST»: « ҒАЙША» ҚЫСҚАМЕТРАЖДЫ ФИЛЬМІ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

«SHYMKENT NOMAD FILM FEST»: « ҒАЙША» ҚЫСҚАМЕТРАЖДЫ ФИЛЬМІ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен биыл үшінші рет «Shymkent Nomad film fest» қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті. Мақсат - қысқаметражды фильмдер арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, патриотизм, туризм, спорт, жемқорлық, мотивациялық, отбасы құндылығы мен әлеуметтік мәселелерді қамти отырып, оларды жастар арасында насихаттау, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
⁣⁣ Байқауға 30-ға жуық режиссер кино туындыларын ұсынып, оның ішінен 12 кино іріктелді. Жастар «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны», «Туризм саласын насихаттау», «Патриотизм», «Мотивациялық бағыт», «Спорт саласы», «Отбасы құндылықтары», «Жемқорлыққа жол жоқ» бағыттарында фильмдерін ұсынды.
Алдағы уақытта үздік фильмдер республикалық деңгейдегі фестивалдерге жолданады.
Жеңімпаз командалар Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысының арнайы дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Shymkent Nomad film fest» қысқаметражды фильмдер фестивалінің бас жүлдесіне «Ғайша» фильмі лайық деп танылды. Бірінші орын «Эгоизм», екінші орын «Тор», үшінші орын «Қиналма» фильміне берілді.
Айта кететін, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры — Шымкенттегі өнер ордаларының қарашаңырағы. Шымкент қалалық орыс драма театры, өзбек драма театры, опера және балет театры, қуыршақ және жасөспірімдер театры, әзіл-сықақ және сатира театры сахналық қойылымдар арқылы тарихи-мәдени құндылықтарды жеткізіп, бабалар аманаты – төл дәстүрімізді жастардың санасына сіңіруде айрықша еңбек етіп келеді.
Ал Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана, Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі (23 филиал), орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі (14 филиал), жасөспірімдер кітапханасы, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана, А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхана — мегаполистегі мол қорға ие қазыналы мекен.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай пайдалануға берілген Шымкент-Цирк мекемесі — еліміздегі ең жас цирктердің бірі. Ал, қаланың рухани тыныс-тіршілігіне, әдебиеті мен мәдениетінің дамуына үздіксіз үлес қосып отырған 6 кітапхана оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізіп, қызығушылығы ортақ мүдделестермен кездесу алаңында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру...