ТҰРАН АУДАНЫНДА АУЛА ІШІЛІК КӨШЕЛЕР АСФАЛЬТТАНДЫ

ТҰРАН АУДАНЫНДА АУЛА ІШІЛІК КӨШЕЛЕР АСФАЛЬТТАНДЫ

Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер маңын ретке келтіру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін аула ішіндегі көшелерді асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта кестеге сәйкес абаттандыру жұмысы:
- Желтоқсан көшесі №4,6;
- Бейбітшілік көшесі №20,22;
- Мангелдин көшесі №40;
- Отырар ш/а, 15/1;
- Байтұрсынов көшесі №59А;
- Жандосов көшесі №2 көп қабатты тұрғын үй ауласында жүзеге асырылып, аула ішілік көшелер ретке келтірілді және асфальтталды.
Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 6 801 жеке секторлы үй, 2 мектеп, 3 балабақша және 3 спорт алаңшасы орналасқан.
Самал-3 шағын ауданында 63 көшенің қазір 30-ы асфальтталған, 30-ына шағал тас төселген болса, үшеуі топырақ жол. Айта кетейік, 2025 жылға қарай шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Мәселен, өткен 2022 жылы Б.Момышұлы көшесінің жалғасы 1,2,3,4, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын көшелері жөнделген. Биыл 15 көше жөнделеді деп күтілуде, сондықтан көрсеткіш 49 пайызды қамтиды.
Ал 2024 жылы 8 көше, 2025 жылы 10 көше жөнделсе, асфальтталу жұмыстары 100 пайызға қамтылған болып саналады.
Сонымен қатар биылғы жылы Яссауи көшесі жарықтандырылады. Сондай-ақ, 2024 жылы Сыздықов, Б.Момышұлы көшелері, 2025 жылы Б.Әлменов, Б.Саттарханов, Ж.Серікбаев, Ә.Тәжібаев көшесі жарықтандырылмақ.
Жалпы Самал-3 шағын ауданы 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған.
Сонымен қатар алдағы уақытта дәл осындай абаттандыру жұмыстары Тұран ауданынына қарасты мына мекен-жайларда, мәселен:
- Отырар ш/а №10;
- Отырар ш/а №59;
- А.Байтұрсынов көшесі №79;
- Ғ.Иляев көшесі №13;
- 4 ш/а №21;
- Ю.Гагарин көшесі №68;
- Ю.Гагарин көшесі №88;
- 1 Мамыр көшесі №21;
- Ш.Қалдаяков көшесі №8;
- Ш.Қалдаяков көшесі №20;
- Б.Майлин көшесі №3,5;
- Ю.Гагарин көшесі №145;
- Ю.Гагарин көшесі №143 көп қабатты тұрғын үйлер жанында асфальт жабынын ретке келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни...

Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай...

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...