ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкенттік тәртіп сақшылары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мамандарымен бірлесіп азаматтарды «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.
Мұндағы мақсат – халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауатын аттыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру болып табылады.
Сондай-ақ, қоғам мен билік арасындағы байланысты кеңейту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасын сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін аттыруда аталған шараның басты міндеттеріне жатады.
Осы бағытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері Алматы-Ташкент-Термез тасжолында азаматтарды қабылдап, оларды мазалаған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ, тіздіндеушілердің шағым-өтініштерін тыңдап, құқықтық көмек көрсетті. Нәтижесінде, мамандар жолда қабылдау акциясы барысында 20-ға жуық азаматты қабылдап, тиісті қызмет көрсетті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде былай деген болатын: «Бүгінде полиция қызметінің сервистік моделі енгізіліп жатыр. Пилоттық жобалар қолға алынды. Соның арқасында тұрғындармен тығыз жұмыс жасайтын бөлімшелердің қызметі реттелді.
Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән беріліп отыр. Бұл ауқымды жұмысты бүкіл қоғамымыз бірлесе атқарды. Дегенмен, осымен тоқтап қалуға болмайды. Бәріміз осы сара жолмен ілгері жүруіміз керек.
Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін».
«Жұртқа жақын полиция» қағидатын орнықтыру үшін нақты шаралар қабылдануда. Осы қарқынды тоқтатпау керек. Пилоттық жоба аясында қол жеткен жетістікпен шектеліп қалуға болмайды. Ашығын айтқанда, қызмет көрсетудің сервистік моделі туралы тек мамандар ғана айтып жүр. Қарапайым азаматтар мен қоғам өкілдері пікір білдіріп жатқан жоқ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...