Шымкентте ауаның ластануының алдын алу және коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешуде еліміздегі алғашқы қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Қоқыс өңдейтін зауыттың қуаттылығы жылына 300 мың тоннаға дейін қалдық шығаратын болады.
Жобаны жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлар тартылуда. Бүгінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігі аталған жоба бойынша келіссөздер жүргізуде. Бүгінде бұл салаға Қытай, Германия, Испания мемлекеттерінің инвесторлары қызығушылық танытқан. Қалдықтарды жерге көмбей, жағу арқылы электр энергиясын алу эколог мамандардың да қызығушылығын арттырып отыр.
Негізгі аспект – бұл жобаны іске асыруда мемлекеттік қаражатты тартпай және өңдеуден кейін қалдықтардың түзілуін барынша азайтуды қамтамасыз ету болып табылады.
Мұнай өндеу зауыты былтыр 6,2 млн тонна мұнай өңдеп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сәуір айының соңына дейін 366 мың тонна мұнай өңдеу жоспарлануда. Оның 110,1 мың тоннасы бензин, 114,8 мың тоннасы дизель отыны, 15,1 мың тоннасы сұйытылған мұнай газы, 19,3 мың тоннасы авиаотын, 77,6 мың тоннасы мазут.
Президент зауыттың өндірістік қуатын арттырып, мұнай өңдеу көлемін жылына 12 млн тоннаға дейін жеткізуді міндеттеген болатын.
Еске салар болсақ, алдыңғы жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Шымкент мұнай өңдеу зауытына барған болатын. Зауытты басқарушы компания – «Петро Қазақстан Ойл продактс» ЖШС-нің президенті Ерболат Қожабаев Мемлекет басшысына қайта жаңғыртудан өткен өндірістің қазіргі жұмысы туралы баяндады.
Бүгінде зауыттың жобалық қуаты жылына 6 миллион тонна мұнай өңдей алатын деңгейге жетіп, К-4, К-5 экологиялық санатындағы жанар-жағармай өндіре бастаған.
Биыл ақпан айында қалалық полигон қайтадан мемлекеттік меншікке қайтарылды. Осы уақытқа дейін жинақталған қалдықтарға топырақ төсеу жұмыстары жүргізіліп, қазір полигон жағдайы едәуір жақсарды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.