«AMANAT» партиясының халық құқығын қорғауды көздейтін «Құқықтық көмек» партиялық жобасы серпінді дамып келеді. Апта сайын өтетін қабылдауларға келушілер саны да артуда.
Бүгін партияның Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Халыққа адвокат Тлеуов Ерлан Алибекұлы, Zangerler Palatasi заң консультанты Мырзағалиева Анар Топиқызы, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мамандары заң тұрғысынан кеңес беріп, мәслелерінің оң шешілуіне үлес қосты.
Кәсіби құқықтанушы мамандардан кеңес сұраушылардың басым бөлігі жер дауымен келген. Мәселен, Қызылжар тұрғын алабы тұрғындарының әуежай маңындағы жер телемдерінің мемлекет мұқтаждығына қайтару туралы мәселе көтерілгелі көңілдері алаңдаулы. Заңды жері мен шағын баспанасынан айырылып қаламын ба деп алаңдаған олар заңгерлерден көмек сұрап келген.
Сондай ақ, заңгерлер тұрғындарға зейнетке шығу, несие, мүлік бойынша келісім жасау кезінде кеңес беріп, сот орындаушы, полиция қызметіне наразылығына қатысты, сотта мүдделерді қорғау, еңбек дауы бойынша көмек берді.
Айта кетейік, биыл Шымкент қаласы бойынша 261 жасқа микрокредит беру жоспарланып, бұл бағытқа 1,3 млрд теңге қаржы қаралып отыр. Жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады. Микрокредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі.
Несие алудың шарттары мынадай:
- микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін;
- микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
- номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылға дейінгі кәсіпкерлер.
- Кепілдік қою талап етіледі. Сондай-ақ несиені 1,5 жылдан соң төлеуге болады. Алайда осы уақыт аралығында олар өз кәсібін ашып, оны дамытуға тиіс. Кредит нақты бір салаға арналмаған. Кез-келген кәсіп ашқан жас кәсіпкер, оны жүргізуге көмек ретінде несиеге конкурсқа қатысса болады.
Мұның барлығы қалалық филиалда өткен бүгінгі ашық есік күнінде айтылды.
Еске салайық, «Құқықтық көмек» жобасы бойынша заңгерлердің тегін кеңесі аптасына екі рет өткізіледі. Ал айына бір рет құқықтық сала мамандары шалғай аудандарға баруды жоспарлап отыр.