Шырайлы шаһардың әсем жерлерін аралау мақсатында көршілес Өзбекстан Республикасынан Шымкентке бірінші рет келген 20 жасар жігіт мегаполис полицейлерінің көмегіне жүгінді.
Қаладағы тамақтану орындары мен әсем жерлер туралы тұрғандардан түрлі бағыт-бағдар алып, әбден шатасқан турист «Арбат» демалыс аймағындағы полиция бөлімшесіне келді.
Онда, туристік полиция қызметкерлері қонаққа өзбек тілінде қызмет көрсетіп, мегаполистегі тамақтану орындары, сауда үйлері мен демалыс аймақтары туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, қала қонағына ақпараттық жадынамалар табыстап, кез-келген уақытта көмек беруге дайын екендіктерін жеткізді.
Өз кезегінде, саяхатшы жігіт қонақжай өлкенің ашық-жарқын тәртіп сақшыларына жылы лебіз бірдіріп, саяхатын жалғастыру үшін, А.Асқаров атындағы дендросаябаққа жол тартты.
Туризм саласындағы бұл инвестициялық жобалар - «Diamond Hotel», «Barsa», «Таукехан Plaza», «Cosmopolitan Hotel», «7Jol» сияқты жайлы қонақ үйлер мен демалыс кешендері бой көтеріп, іске қосылады.
Жобаларды жүзеге асыру құны 9 млрд теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орындарының саны – 402 адам.
Өткен жылы қаламызда «Пана», «Дора», «Grand Villa Hotel», «Wind hotel», «Big rooms», «Graf» қонақ үйлері сынды 6 жоба жүзеге асырылып, 145 адам жұмыспен қамтылған болатын.
Бұл жұмыстар саланың дамуы мен қаламыздағы орта және шағын бизнестің өркендеуіне оң әсер етіп, тұрақты табыс көзі мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Айта кететін, қалада тұрмыстық қалдықтар мәселесі әлі күнге өзекті. Мұрат Әйтенов басқарма басшысына халықтың экологиялық мәдениетін арттыруда, тұрмыстық қалдықтарды жүйелі жинастыру бойынша кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.
«Биылдан бастап әр ауданға 10 экологиялық полиция қызметкері бөлінеді. Құзырлылар жергілікті тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл шаралар қоршаған ортаны таза ұстауға, экологияны жақсартуға мүмкіндік береді» - деді қала әкімі.