АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

«АMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» жобасы аясында ашық есік күні өтті. Жетекші партияның бас ғимаратына түрлі заң, құқықбұзушылық, жер мәселесі, тұрғынүй шаруашылығы бойынша сауалдарымен қала тұрғындары жиналды. Шымкент қалалық прокуратура, сот, әділет департаменті, білім басқармасы, тұрғынүй басқармасының мамандары келушілерге түрлі кеңестер берді.
Абай ауданына қарасты Тұртаев көшесінің бір топ тұрғын атынан келген Әлия Қожақұлова өздері тұрып жатқан жер учаскесінің түбірі жоқ екенін айтып, мәселесі оң шешімін табады деген үмітін жасырмады. Ал, зейнет жасындағы Зоя Данилова еңбек кітапшасы жоғалуына байланысты ең төменгі зейнетақы алып жүргенін, өзінің жұмыс істеген жылдарын есепке алу бойынша өтінішімен келген.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін облыстағы аудан орта­лық­тарына барады. Яғни сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі.
Жобаның негізгі мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.
Жұртшылықпен оң бағаланған аталмыш жобаның жалғасымен бүгін Халықты жұмыспен қамту саласындағы проблемалы мәселелерге байланысты мемлекеттік орган өкілдері өңір тұрғындарын толғантқан мәселелерге құлақ түріп, олардың шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатып, құқықтық кеңестер берді.
Шымкент қалалық прокуратурасының маманы Ерғали Құттыбаев аталмыш акция қала тұрғындары үшін өте пайдалы екенін тілге тиек етті. Ашық есік күнінде көптеген адамдар өздерінің түрлі саладағы түйіткілді сауалдарына жауапты мамандардан тегін кеңес, нұсқау ала алады. Шымкент қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Айнұр Исабекова заңгерлік сұрақтарға белсенді жауап берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында...