МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалы жанындағы Партиялық мониторинг тобының мүшелері, партия белсенділері аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектердің жекелеген түрлері меy бағаларына мониторинг жұмыстарын жасады, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
Аталмыш жұмыстар аясында аудан аумағындағы «Magnum» сауда орталығында болып азық-түлік бағаларына зерделеу жасалды. Азық-түлік бағалары бекітілген бағаларға сай. Кәсіп иесіне сала мамандары тарапынан бағаны негізсіз қымбаттатпау қажеттілігі айтылды.
Сонымен қатар, мониторинг жұмыстары барысында аудандағы «ФармЛайн» және «Мұрат-Фарм» дәріханаларындағы дәрі бағаларына мониторинг жасалды. Баға шекті бағадан аспаған.
Сонымен қатар, қаланың аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандарды ретке келтіру, сондай-ақ кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Осыған байланысты Абай ауданы А-2 тас жолының бойындағы заңсыз сауда нысандарына кезекті мониторинг жұмысы ұйымдастырылды.
Зерделеу жұмыстары барысында Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты аталған көше бойында нысаналы мақсатын дұрыс пайдаланбай, ретсіздікке жол берген 67 кәсіпкерлік орны анықталды.
Бұл көше стратегиялық маңызы бар аумақ. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат — қаланың көркін бұзған заңсыз сауда нысандарының иелеріне ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі «бір терезе» қағидаты әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді.
Орталық 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп, жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді.
2020 жылы іске қосылған Фронт-офисте 12 282 консультация, 1 217 жобаларды сүйемелдеу, 539 маркетингтік қызмет, 14 аналитикалық зерттеу қызметтері көрсетілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Анықтама: Пилоттық жобалар:1. Қалалық онкологиялық орталықта және №6 қалалық емханада сүт безі обыры мен өкпе обырын ерте сатысында анықтау бойынша...