ФИЛИАЛ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ФИЛИАЛ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының кезектен тыс 48-ші конференциясы өтті, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
Төраға Қайрат Имашев басқарып, күн тәртібіндегі екі мәселе қаралды. 2023-2027 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламаның іс-шаралары мен көрсеткіштерінің Қаратау ауданы аумағында сапалы орындалуы талқыланды. Аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлы төрт басымдыққа тоқталып, мәслихат депутаттарына бекітілген әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын қадағалап отыруды ұйымдастыратынын айтты. Сайлауалды бағдарламаның Жол картасын жүзеге асыру үшін партия мүшелерінің белсенділігі қажет. Конференцияда жаңадан Саяси кеңес мүшелері сайланды. Жаңа құрамға жаңа міндеттер жүктелді. Конференциядан соң Саяси кеңес мүшелері Бюро құрамына өзгеріс енгізді. Партиялық бақылау комиссиясының жетекшісі болып мәслихат депутаты Талғат Балтабаев сайланды.
Сондай-ақ, партия тарапынан «Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін облыстағы аудан орта­лық­тарына барады. Яғни сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі.
Жобаның негізгі мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.
Айта кетейік, аптаның әр бейсенбі күндері халыққа заңгер мамандар тегін құқықтық көмек көрсетеді. Партия есігі халыққа әрдайым ашық. Күнделікті партияның қалалық филиалында депутаттар, түрлі саланың мамандары қоғамдық қабылдаулар жүргізсе, ай сайын ашық есік күндері өтеді. Партия мүшелері шалғай елді мекендерге де көшпелі отырыстар өткізіп, тұрғындар мәселесін тыңдауға мобильді қабылдаулар жиі барып тұрады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...