ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТШАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТШАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытында әртүрлі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып, қарқынды жұмыс атқарып келеді.
Мәселен, Абай АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Бектемисова Гульвира тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаны қабылдады. Әйелге құқықтық көмек көрсетіліп, заңға енгізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы түсіндірілді.
Келесі кезекте заңнамаға сәйкес, жәбірленушінің арызы бойынша құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Нұсқамаға сай, ер адаммен отыз күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Яғни, оның тұрғылықты жеріне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып, тексеріп тұрады, профилактикалық сұхбаттар жүргізеді. Құқық бұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматшаларға аурнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Атап айтсақ, мұндағы қызмет алушыларға — тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық көмек түрлері көрсетіледі. Қазіргі уақытта орталықта қызмет алушылар саны 92-ге жеткен. Олардың 21- аналар, ал қалғаны (38-ер бала, 33-қыз бала) балалар.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың фактілерін байқасаңыз немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз төменде көрсетілген сенім телефондарына хабарласуыңызға болады.
Сенім телефондарымыз:
☎️ 150
☎️ 7(7252) 45 03 03
+7 775 450 54 33

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру...