“САМАЛ” БАЗАРЫНДА КЕҢЕС БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

“САМАЛ” БАЗАРЫНДА КЕҢЕС БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының “Жастар Рухы” ЖҚ-ның ұйымдастыруымен «Жастарға кеңес» жобасы аясында “Самал” базарында кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Базар сатушылары мен келушілері қалалық маслихат депутаты Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы, жергілікті атқарушы органдардың “Отбасы банк”, “Тұрғын үй” құрылыс жинақ банкі АҚ, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің психолог маманы, “Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ өкілдері, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Кеңес беру кезеңінде жұмысқа орналасу, тұрғын үй, психологиялық көмек, жастарға арналған тиімді бағдарламалар жөнінде кеңес берді.
Биыл Шымкентте 260-қа жуық жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алады. Бұл игілікті істер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредит беру тапсырмасы аясында жүзеге асырылғалы отыр.
Мемлекет басшысы жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5 пайыздан жеңілдетілген микрокредит беру тапсырмасын іске асыру барысында Шымкент қаласынан биылғы жылы 261 кәсіп бастаушы жасқа микрокредит беру мақсатында республикалық бюджеттен 1 305,0 млн. теңге қарастырылған.
Кредиттер мерзімі – 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы бағытында алса, 7 жылға дейін беріледі.
Айта кетейік, “Жастар практикасы” уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 35 жастан аспаған “жұмыссыз” мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.
Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.
Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:
1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;
2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайын және еңбегіне ақы төлеу мен қаржыландыру көздерін айқындайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру...