ЖАТ ӘРЕКЕТТЕРДЕН САҚТАНАЙЫҚ

ЖАТ ӘРЕКЕТТЕРДЕН САҚТАНАЙЫҚ

Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Жат әрекеттерден сақтанайық» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Оған Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков, Шымкент қаласының «ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының» дәрігері Фатима Абдибаева, Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығының» дәрігер-наркологы Карлыгаш Корганбаева, М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжінің психологы Эльмира Исабай, колледж мейірбикесі Жамиля Набатова, өзге де колледж ұстаздары мен студенттері қатысты.
Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың, өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту, есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне тигізетін зардабы туралы түсіндіру болып табылады.
Ашық сабақ барысында студенттері жат әрекеттер туралы, олардың адамның өмірі мен денсаулығына қауіптілігі жөнінде нақты деректер келтірді. Шақырылған мамандар жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.
Ал, «Жоғары колледж» бөлімінің топ тәлімгері Ұлжалғас Битемирова ашық сабақты «Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-сапалы түрімен айналысуға болады. Сондай-ақ, алкогольдік ішімдіксіз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу – адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық!» деп қорытындылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістанда «Мұқағали жолымен…» жүруді мақсат еткен ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мұқағали Кенжетайұлының шығармашылық кеші өтті, деп...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АӨК әлеуетін күшейту туралы тапсырмасына сәйкес машина-трактор паркін жедел жаңарту және жергілікті ауыл...