1-ШІЛДЕДЕН БАСТАП ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢ КҮШЕЙТІЛЕДІ

1-ШІЛДЕДЕН БАСТАП ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Шымкент тұрғындарымен және БАҚ өкілдерімен кездесті. Министр брифингте қала тұрғындарына 1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілетінін еске салды.
Министрдің айтуынша, соңғы 5 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері үш есе өскен. Олардың 60 пайызында азаматтар полицияға шағымданудан бас тартады. "Сондықтан біз "үй тирандарын" жауапқа тарта алмайтынбыз. Нәтижесінде – жазасыздық жүгенсіздікке әкелді. Ұрып-соғу әдетке айналды. Жуырда осыған байланысты заңға маңызды түзетулер күшіне енеді. Біріншіден, "өтініш беру" форматынан "анықтау" форматына көшеміз. Бұл заң бұзушыны өтінішсіз жауапқа тартуға мүмкіндік береді; ( Мәселен, бір отбасында тұрмыстық жанжал, зорлық-зомбылық жайттары анықталса, ешқандай арыз-шағымсыз кінәліні жауапқа тарту шарасы қабылданады). Екіншіде, қайта татуласу мүмкіндігі шектеледі; (қателігін қайталайтын тирандарға кешірім беру мүмкіндігі шектеледі) Үшіншіден, 1 шілдеден бастап әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтіледі", - деді министр. ​Марат Ахметжанов Шымкент халқымен кездесу барысында полицейлердің тәулік бойы атқаратын қызметінің нәтижесінде елімізде қылмыс деңгейі жыл басынан 19 пайызға, ал Шымкент қаласында 37 пайызға азайғанын айтты.
Министрдің сөзінше, қылмыстың жасалуына әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері басым. Сондықтан оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою маңызды. Осы ретте ІІМ Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Құжатта азаматтардың сұранысы ескеріліп, құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша басқа да мемлекеттік органдардың жауапкершілігі бекітілетін болады. "Концепцияда 3 стратегиялық бағыт бойынша шаралар бар, олар: - қауіпсіз қоғам; - мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасасуы; - полицияны трансформациялау.​Қылмыстың себептері мен салдарына баса назар аударылды. Бұл үшін концепция бойынша жұмысқа халықаралық ұйымдар, қоғам мен сарапшылар, мемлекеттік органдар қатысты", - дейді министр. Шымкент тұрғындарымен кездесуінде Ішкі істер министрі қылмыстардың дені алкоголь ішу салдарынан, яғни мас күйдегі адамдармен жасалатынын атап өтті. Соңғы бес жылда елімізде спирттік ішімдік ішкен қылмыскерлердің қолынан 2 360 адам қаза болған.​Министрдің ойынша, құзырлы органдар алкоголизмді емдеудің жаңа тәсілдерін енгізу қажет.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық ведомствомен бірлесіп Отбасының цифрлық картасында...