Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Неке - шеберлікті талап ететін іс" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты - жас отбасыларға және бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас жайында мағлұматтар ұсыну.
Түсіндірме жұмыстары қаламыздан шалғай орналасқан Забадам елді мекенінде жүргізіліп, неке және отбасы құндылықтары жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кітапшалар тарқатылды.
Сондай-ақ қоғамда отбасы құндылықтарын насихаттауда, отбасы институтын дамытуда туындаған өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар сарапқа салынды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматшаларға аурнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Атап айтсақ, мұндағы қызмет алушыларға — тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық көмек түрлері көрсетіледі. Қазіргі уақытта орталықта қызмет алушылар саны 92-ге жеткен. Олардың 21- аналар, ал қалғаны (38-ер бала, 33-қыз бала) балалар.
Орталық тарапынан қызмет алушы аналардың уақыттарын тиімді өткізуге ерекше басымдық берілген. Яғни, жеке кәсіпкерлік нысандарымен келісім негізінде қолөнер бұйымдарын жасау, шаш әрлеу салалары бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қызмет алушы азаматтар жаңа дағдылар қалыптастыруда.
Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді.
Бүгінгі таңда отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда.
НЕКЕ - ОТБАСЫ НЕГІЗІ
