КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Қала әкімі Жандос Тасов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 10-ға жуық қала тұрғыны қатысып, өз мәселелерін көтерді.
Жеке қабылдауға қала әкімінің орынбасары, бөлім және жауапты мекеме басшылары қатысты. Қабылдауда айтылған арыз-өтініштердің басым бөлігі коммуналдық салаға және жұмыссыздық жайы айтылды. Жандос Тасов тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жіті тыңдап, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
Қабылдау барысында қала тұрғындары түрлі салаға қатысты талап тілектерін жеткізді. Барлық ұсыныстар мен талап-тілектер хаттама негізінде назарға алынып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...