КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫН АЛҚАП СЕКТОРЛАРЫНЫҢ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫН АЛҚАП СЕКТОРЛАРЫНЫҢ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен жиын өтті. Жиынға жауапты орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Жиында Кентау қаласы цифрландыру орталығының тұрғын алқап секторының атқарылып жатқан жұмыстары талқыланды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, коммуналдық салаға қатысты мәселерді реттеу бойынша қала 4 секторға бөлінген болатын. Атап айтқанда орталық, солтүстік, шығыс, батыс тұрғын алқабы.
Әр секторға жауапты меңгеруші мен мамандар бекітілген. Берілген тапсырмаға сәйкес атқарылған жұмыстың барысы тыңдалды. Жауаптылар тарапынан кеткен кемшіліктер мен баяу жүргізілген жұмыстарды сынға алған қала басшысы бірқатар тапсырмалар берді. Жұмысы жүйеленбеген жауаптыларға ескерту жасады. Сондай-ақ қала басшысы- "секторға жауапты мамандарға қаладағы әрбір саланың жұмыс жүйесі мен жүзеге асырылатын жобалар жайында түсіндіріліп, тіпті семинар ретінде өткізу қолға алынсын. Әр маман тұрғынға жауап берерде әр саладан хабары болуы қажет. Тиянақты жұмыс пен нақты іс-әрекеттерді атқарулары керек" деді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен...