Бекітілген кестеге сәйкес бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков азаматтармен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан бойынша алдын ала жазылған тұрғындар келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.
Жеке қабылдауға келгендердің бірқатары қаржылай және материалдық көмек көрсетуді сұраса, бірқатар тұрғындар жер, ауыз су мен газ және жұмысқа орналастыру, тұрғын үй мәселелерімен жүгінді.
Қабылдау барысында аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заңнама аясында түсініктеме жауабын берді. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, орындалуыға тиісті бірқатар мәселелерді анықтау үшін сала бойынша орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.