Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев есепті кездесуін Үшқайық ауылдық округінің тұрғындарымен жалғады. ІІ тоқсанда атқарылған жұмыстарды легімен баяндады. Үшқайық ауыл округінде атқарылатын жұмыстарға да тоқталды. Тұрғындар тарапынан бірқатар мәселе көтерілді. Мәселен, ауылда жабайы ит пен мысық көбейген. Балалар үшін қауіпті. Ауыл тұрғыны жабайы ит, мысықтар ауланса деген талабын жеткізді.
Көшелерді жарықтандыру, жекенің меншігіндегі жерлерді мемлекетке қайтару, жолдарға зақым келтірген жүк көліктеріне тыйым салу, ескірген электр бағаналары мен трансформаторларды жаңарту, байланыс пен ғаламтордың нашарлығы, спорттық үйірмелер ашылса деген сынды талап тілектерін жеткізді тұрғындар.
Тұрғындардың мұқтажын мұқият тыңдаған аудан басшысы сала басшыларына мәселені оңтайлы әрі уақытында шешуге пәрмен берді. Кездесу соңында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев күрделі мәселелерді шешуге және ауданның дамуы үшін жүйелі шаралар қабылдайтын жеткізді. Ал, ауыл тұрғындары аудан басшысының атқарып жатқан жұмысына оң бағаларын берді.