Бүгін аудан әкімі Қ.Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда аудан әкімінің орынбасарлары, әр мәселеге жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты.
Жеке қабылдауда болған тұрғындар тарапынан жұмысқа тұру, тұрғын үйге газ кіргізу мәселесі, мектепке киім алу және жер алу мәселесі айтылды.
Аудан басшысы сауалдарға толыққанды жауап беріп, жауапты мекемелерге мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, аудан әкімі әр мәселенің орындалу мерзімін белгілеп, бірқатар мәселелерге түсіндіру жұмысын жүргізді.