ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, ұсыныс пен өтініштерін тыңдады.
Тұрғындар тарапынан жол, аяқ жол, жайылым, тазалық, білім, спорт саласына және әлеуметтік тұрғын үйге қатысты мәселелер айтылды.
Аудан басшысы жауапты орынбасары мен тиісті мамандарға әр мәселені жеке-жеке зерделеп, Заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Тұрғындарының өтінішін қанағаттандыру мақсатында кейбір мәселелерді бүгінен қалдырмай арнайы мамандарға нысан басына барып, көтерілген мәселені шешу мақсатында тиісті шараларды атқаруды жүктеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...