ТҮЛКІБАС: ӘКІМ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ТҮЛКІБАС: ӘКІМ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарына кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдауған алдын-ала жазылған тұрғындардың дені мемлекеттен әлеуметтік тұрғын-үй алу мәселесімен жүгінді.
Аудан басшысы жауапты орынбасары және бөлім басшысымен бірге үй кезегінде тұрған азаматтарға Заң талаптарына сай толыққанды түсіндірме жүргізіп, алдағы уақытта үй кезегіндегі азаматтардың өтінішін қанағаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен бөлісті.
Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданымызда 2894 азамат үй кезегінде тұр. Биылғы жылы мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, аудан аумағынан 50 пәтер сатып алу жоспарлануда. Қазіргі таңда Заң талаптарына сай конкурс ойнатылуда.
Бұдан бөлек, бүгінгі жеке қабылдауда жер қатынастары, білім саласы мен көшені жарықтандыру мәселесі көтеріліп, аудан әкімі тарапынан жауап беріліп, алдағы жұмыс жоспарына енгізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп...

Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Жаңа баспанаға қол жеткізген отбасылар шашу шашып, тұрғын...