Жеке қабылдауда аудан тұрғындары жол, медицина, білім, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, әлеуметтік сала, жұмысқа орналастыру, қайтарымсыз грант және абаттандыруға қатысты өтініш-ұсыныстарымен жүгінді.
Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов салаға жауапты орынбасары және бөлім басшылары, ауыл әкімдерімен бірге қабылдауда көтерілген әр тұрғынның мәселесін жеке-жеке талдап, Заң талаптарына сай шешу жолдарын талқылады. Өтініш иесіне нақты жауап беріп, қанағаттандыру мақсатында атқарылатын жұмыстар барысы түсіндіріп, мерзімі белгіленді.
Кейбір мәселелер бойынша Нұржан Жақсылықұлы жауапты бөлім басшысына демеушілер көмегіне жүгінуді тапсырып, мәселені бақылауда ұстап, нәтижесін баяндауды ескертті.