СОЗАҚ: СЫЗҒАН ЖӘНЕ БАСБҰЛАҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛАДЫ

СОЗАҚ: СЫЗҒАН ЖӘНЕ БАСБҰЛАҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛАДЫ

Ауданда құрылыс, спорт нысандары, ауыз су, облыстық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары және көшелерді жарықтандыру, абаттандыру сынды инфрақұрылымдық жобалар қарқынды іске асуда. Бірқатар елді мекендердің ішкі көшелеріне 100 пайыз асфальт жол төселіп, көше жарықшамдары орнатылды. Бұған қосымша биыл Сызған, Басбұлақ, Саржаз, Балдысу, Қарабұлақ елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары басталады. Бұл жөнінде бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Сызған ауылдық округі тұрғындарымен өткен есептік жиында баяндады. Сондай-ақ ауылдық округте атқарылар жұмыстарға тоқталып өтті.
Биылғы жылы Сызған ауылдық округіне қарасты Қозмолдақ елді мекенінің Төреханов, Берістемұлы көшелерінің 2,6 шақырымына, Басбұлақ елді мекенінің Басбұлақ-1 және Басбұлақ-2 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары қыркүйек айында басталады. Қозмолдақ елді мекенінің Момбеков көшесіне көше жарықтандыруы жүргізіліп, іске қосылды. Қайнар елді мекенінің Қайнарбұлақ көшесіндегі електр бағаналарын ауыстырып, күре жол бойына көше жарықшамдарын орнату үшін қаржысы қаралды.
Жиында тұрғындар алдыңғы кездесулерде айтылған өтініштерінің аяқсыз қалмай, тиісті жұмыстар жасалып жатқанын айтты. Бұл үшін алғыстарын жеткізіп, бірқатар ұсыныс-пікірлерін жолдады. Аудан басшысы айтылған әрбір мәселені назарға алып, шешу жолдарын талқылап, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев ақ батасын арнап, аудан басшысының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік...