Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қарақұр ауылдық округі тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізіп, халық игілігі үшін жасалатын жұмыстарды кеңінен баяндады.
–Бүгін міне сіздердің мұң- мұқтаждарыңызды тыңдап, шешу жолын қарастыру үшін келіп отырмыз. Бұған дейін де бірнеше мәрте кездесіп, сұраныстарыңызға орай қажетті жұмыстарды атқардық. Раң ата елді мекенінің атауы жоқ №1 көшесі мен Шаға елді мекенінің орталық көшесінің орташа жөндеу жұмыстары жақын күнде басталады. Қарақұр ауылынан Б.Батырбекова көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды. Абай көшесінің 2,4 шақырымына көше жарықтандыруын жүргізу үшін тиісті қаржысы қаралды. Бұл жұмыста жақын күнде аяқталып, ел иігілігіне қосылатын болады. Бұдан бөлек, Қарақұр ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Қыркүйек айында Қаратау ауылындағы заман талабына сай жабдықталған жабық үлгідегі ойын алаңшасы пайдалануға беріліп, келер жылы Қарақұр ауылынан салынатын болады. Осылайша барлық ауылдық округтерді кезең-кезеңімен қамтимыз. Әрине, ауыл округтерді кешенді дамыту мақсатында басқада жасалу қажет жұмыстар бар. Тек мұндағы емес, жалпы аудан бойынша жасалу керек мәселелер маған етене таныс. Барлығын бір жылда атқара салу мүмкін емес, кезең-кезеңімен шешу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз деді,-аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Тұрғындар аудан әкімдігі тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, келелі уақытқа ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Көтерілген сауалдардың маңыздылығы ескеріліп, сала мамандары тарапынан жауап беріліп, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Есептің жиын соңында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков және аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев спорттың дзюдо, қазақша күрес, белбеу күресі,самбо және «Унифайт» сынды сан түрін қолға алып, көршілес Қырғызстан Республикасында өткен Азия чемпионатында еліміздің намысын абыроймен қорғап, көк байрағымызды көкте желбіреткен Раң ата елді мекенінің тұрғыны, жас спортшы Айбар Мұқтарұлына арнайы алғыс хат пен сый-сияпат табыс етіп, құрмет көрсетті. Сондай-ақ алдағы уақытта да спорттық додалардан топ жарып, аудан, облыс, республика намысын жоғарғы дәрежеде қорғайтынына сенім білдірді.
СОЗАҚ: ҚАРАҚҰРДА АЛДА АТҚАРЫЛАР МІНДЕТТЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ
