Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Шорнақ ауылдық округінің тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан орталығында атқарылып жатқан ілкімді жұмыстарға тоқталып өтті. Атап өтсек, Қосмезгіл елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің 2-кезеңі бойынша ЖСҚ әзірленуде. Мердігер мекеме - «ДИАС-проект» ЖШС мен келісім-шарт жасалған. Сараптаманың оң қорытындысын алу қыркүйек айының соңына дейін жоспарлануда. Бұдан бөлек, Шорнақ елді мекені бойынша сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету 2-кезеңі бойынша ЖСҚ әзірленуде. Мердігер мекеме - «ДИАС-проект» ЖШС келісім-шарт жасылып отыр.
Ал, электр қуаты бойынша Қосмезгіл және Шорнақ елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірленген. Сонымен қатар, Шорнақ елді мекенінің ішкі көшелеріне трансформатор орнату жұмыстарына қаржы қаралған. Мердігер мекеме – «Тан Срой Сервис» ЖШС келісім-шарт жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аудан орталығын абаттандыру бойынша «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолы бойын абаттандыру (3-4-5-6 кезең) Мердігер мекеме – «SIS Строй» мен «Ерасыл Құрылыс 2013» ЖШС келісім-шарт жасалған. Алдағы уақытта Шорнақ елді мекеніне 50 дана қоқыс жәшігі мен орындықтар орнату жұмыстары жүргізіледі. Мердігер мекеме – «Шымкент Гранд Строй» ЖШС. Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскер орталығы аумағына саябақ құрылысына мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Қосмезгіл елді мекенінің Кентоғай, Ш.Уалиханов көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілетін болады.
Жол саласы бойынша Аша елді мекеніндегі жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС-гі ЖСҚ әзірленуде. Жалпы, Шорнақ ауылдық округі бойынша тас төсеу жұмыстары жүргізілді (Ш.Уалиханов, Утенов, Қонаев, Абдуалиева, Шаяхметов тұйығы, Найманбаев, Аша, М.Жұмабаев, С.Шамиев көшелеріне). Бұдан бөлек, 4-дана жасанды жол кедергісімен 20-дана жол белгілері орнатылған.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер ауыз су, көшелерді асфальттау және заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға тоқтам болса деген ұсыныс-пікірлерін білдірді. Ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдаған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев барлық сұрақтарға жауап беріп, жоспарға сәйкес, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.