Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев халықпен есепті кездесуін Бабайқорған ауыл округінің тұрғындарымен өткізді. Аудан əкімі округ бойынша ел дамуы жолындағы атқарылған игі істерге тоқталды.
Абай елді мекенінде тозығы жеткен су тарату орталығына күрделі жөндеу жұмыстарына меморандум арқылы «Авангард-ОК» ЖШС-гі ЖСҚ әзірлеуде. Бабайқорған елді мекенін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, «ШЫМГОРПРОЕКТ» ЖШС-гі ЖСҚ әзірлеуде. Келісім шарт құны – 7,3 млн теңге. Сараптаманың оң қорытындысын алу тамыз айының соңына дейін жоспарлануда. Абай, Серт, Игілік елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, меморандум арқылы «Авангард-ОК» ЖШС-гі ЖСҚ әзірлеуде. Сараптаманың оң қорытындысын алу тамыз айының соңына дейін жоспарлануда. Бабайқорған ауыл округіне 6-дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Тан Строй» ЖШС. Келісім шарт құны – 18,7 млн теңге. Қыркүйек айының соңына дейін орнатылады деп күтілуде.
Үлгілі елді мекендегі Б.Майлина көшесін 1,4 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Сарбаз Қуат» ЖШС. Келісім шарт құны – 20,3 млн теңге. Көксарай көпірін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Айжамал» ИП. Келісім шарт құны – 6,8 млн теңге. Бабайқорған елді мекеніндегі Қисық Шоқпар көпірін орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жоба құны – 6,0 млн теңге. Бабайқорған ауыл округіне 17 дана жол белгілері орнатылды.
Бабайқорған елді мекеніне воркаут, балалар алаңшасы, футбол алаңшасын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мердігер мекеме – «TBB-Construction» ЖШС. Келісім шарт құны – 18,1 млн теңге.
Бабайқорған ауыл округі қоқыс полигонының аумағына қоршау орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «SIS Строй» ЖШС. Келісім шарт құны – 7,0 млн теңге.
Халықпен кездесуінде: -Есепті кездесу ортақ мәселені шешу үшін керек. Президент тапсырмасына сәйкес біз алдымен ауылдарды көркейтуіміз керек.Үкіметтің немесе аудандық, облыстық, республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы арқылы жүзеге асырылатын межелі істерде ешқандай да жемқорлық болмайды. Оны арнайы комиссия тексеріп, мердігерлердің де жұмыс сапасы үнемі қадағалауда.
Жиында ауыл тұрғындары бірқатар мәселелерді алға тартты. Өз кезегінде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға ретімен жауап берді. Тиісті сала басшыларына мәселелердің шешілу жолдарын қадағалауды тапсырды.