Тоқсан сайынғы әкімдердің халық алдындағы есеп беруі жұмыстарының жүйелілігін көрсетеді. Халық пен билік арасындағы ашықтықты негіздейді. Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев кезекті есепті кездесуін Майдантал ауыл округінің тұрғындарымен өткізді. Әкім алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар жобаларды баяндады. Майдантал ауыл округінде атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Ынталы елді мекені 900 орындық мектеп құрылысына сыртқы инжинерлік инфрақұрылымдардың құрылысына ЖСҚ әзірленуде.
Майдантал ауыл округінде ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Майдантал ауыл округіндегі қоқыс полигонының аумағына қоршау орнату жұмыстары жүргізілуде.
Ынталы ауылындағы Жангелдин көшесіне жарық орнатылуда.
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары ұдайы жүргізілуде.
️- Халқымызда «тірлік басқа болса да тілек бір, бармақ басқа болса да білек бір» деген сөз бар. Әкімдердің тұрғындар алдындағы есеп беруі жақсы дәстүрге айналды. Бұл – бірінші кезекте атқарушы билік пен халық арасындағы үнқатысуға құрылған шара. Сол себепті, мұндай кездесулерде біз өзіміздің атқарған жұмыстарымызға сіздер арқылы сын көзбен қарап, болашаққа жоспар жасауға мүмкіндік аламыз,-деді аудан басшысы.
Есептік кездесуде халық көкейіндегі маңызды мәселелер жан-жақты айтылды. Егістікке су баратын арықтар әбден тозған. Салдарынан егістікке су тиісті мөлшерде жетпейді. Тұрғындарды алаңдататын басты мәселе осы. Арық-атыздарды жөндеу жұмыстары біртіндеп қолға алынып жатқандығын жеткізді аудан әкімі.
Түйіп айтсақ, ауылда атқарылған жұмыстар аз емес. Жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Ауыл тұрғындарының бірлігі мығым болса, келешегі де кемел болатынын сөз еткен тұрғындар кездесуден тарқасты.