Алматылық мәйітхананың директоры пара алды деген күдікке ілінді

Алматылық мәйітхананың директоры пара алды деген күдікке ілінді

Алматыдағы мәйітхана директоры ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратурамен бірлесіп "Қалалық патологиялық бюроның" директорын ұстады.

"Ол қалада салынып жатқан патологиялық-анатомиялық бюрода медициналық жабдықты жеткізуді қабылдау-тапсыру актісіне қол қою үшін кәсіпкерден 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді", - деді органдағылар.

Күдікті Алматыдағы тергеу изоляторына қамалған. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстандық авторлар мен композиторлар өз туындылары үшін өтемақы алу проблемаларын жиі айтады. Мүліктік құқықтарды басқарушы ұйым өз жұмысын...